Read the original announcement in English

Бүгінгі жаңартуда сіз бейініңізге музыка қоса аласыз, әдепкі бейін қойындысын таңдайсыз, жиынтық сыйлықтарыңызға негізделген бірегей чат кейіптерін орнатасыз, достарыңыздың сыйлықтарын жаңартуға көмектесе аласыз және тағы басқасы.
Енді кез келген чаттағы аудионы бір рет басып, бейініңізге қосуға болады. Қосылған трек бейін суретіңіздің астында стильді тақтада көрсетіледі.
Тректер қосылған сайын, олар автоматты түрде плейлистке бұрынғыларымен біріктіріліп сақталады.
Музыканы бейініңізге қосу үшін медиа плеердегі «Бейінге қосу» батырмасын басыңыз немесе тректі таңдап, Сақтау… > Бейінге тармағын таңдаңыз.
Telegram қолданушылары құрамдас өңдегіштің көмегімен жеке стикерлер жасап, жинақтарды @Stickers боты арқылы басқара алады.
Бүгіннен бастап жаңа @Stickers шағын қолданбасы арқылы стикерлер мен эмоджи жасап, жинақтарыңызды басқарып, қолданылу статистикасын егжей-тегжейлі көре аласыз.
Кез келген қолданушы Telegram-ның стикерлер мен эмоджиге арналған ашық платформасын қолданып, жеке иллюстрацияларын жасай, жібере және бөлісе алады.
Жуырдағы байқаудың арқасында Android-тағы бейіндер енді iOS-та алғаш пайда болған жылжымалы анимацияларымен, жылтыр жаңа дизайнмен көрсетіледі.
Telegram әзірлеушілер, дизайнерлер, контент авторлары және басқалар үшін байқауларды тұрақты өткізіп тұрады, олардың кейбірі Telegram командасына қосылу мүмкіндігін береді.
Енді біреу бейініңізді ашқанда, бірінші болып қай қойынды көрсетілетінін таңдай аласыз, мысалы: өзіңіздің сақталған хикаяларыңызды немесе сыйлық жиынтығыңызды ерекше көрсету үшін.
Әдепкі қойындыны өзгерту үшін Баптау > Бейінім тармағын басып, керек қойындыны басып тұрыңыз да, Негізгі етіп қою тармағын таңдаңыз.
2021 жылдан бері Telegram қолданушылары жеке чаттарға тақырып қоса алады. Бүгін Telegram сыйлықтарына негізделген ондаған жаңа динамикалық чат тұсқағаздарын қостық, сыйлық иелері оларды кез келген жеке чатта жеке кейіп ретінде орната алады.
Бұл тұсқағаздарды алудың жалғыз жолы — сыйлыққа иелік ету. Әр тұсқағаз сыйлық төлсипаттарына сүйенеді, модель мен фонды қолданып, әр коллекциялық зат үшін бірегей кейіп жасайды. Бір сыйлық — бір чатқа арналған бір кейіп ашады.
Қазіргі таңда бұл Plush Pepes, Precious Peaches, Durov's Caps және Heart Lockets сыйлықтарымен жұмыс істейді.
Енді сіз басқа қолданушының бейініндегі сыйлықты жаңарту құнын төлеу үшін оның жұлдызы аз болса немесе сыйлықты жаңартуға болатынын білмесе оған жұлдыз жібере аласыз. Қолданушы кейін сыйлығын жаңартуды шешсе, ол үшін бұл тегін болады.
Жаңа «Жаңартылмаған» сүзгісі жаңартуға болатын сыйлықтарды оңай табуға көмектеседі. Ал «Келесісін жаңарту» батырмасы бірнеше сыйлықты қатарынан жаңартуға мүмкіндік береді.
Жиынтық сыйлықтарды ашу үдерісін одан сайын қызықты ету үшін дизайнерлеріміз жаңарту анимациясына қосымша шытырман қосты.
Қолданушылар Telegram ішіндегі нарық арқылы жиынтық сыйлықтарды қауіпсіз түрде саудалай алады.
Сыйлық төлсипаттарын қараған кезде жаңа «Құны» өрісі оның шамамен қайта сату бағасын көрсетеді. Оны кеңейтіп, сол жиынтықтағы басқа сыйлықтардың орташа сату бағасы сияқты қосымша статистикаларды көруге болады.
Жаз аяқталды. Жұмысқа қайта кірісетін уақыт келді.
2025 жылы 31 тамыз
Telegram командасы